2019 жылғы бюджет кірістері 95 млрд теңгеге артады

Биыл қазына кірісін 95 млрд теңгеге арттыру ұсынылды. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық Экономика министрі Руслан Дәленов айтты. Оның 12 млрд теңгесі салықтық түсімдер болса, 83 млрд теңгесі өзге табысқа тиесілі. Салықтық емес кірістің мөлшері дивдиенттердің өсіміне негізделген. Трансферттерді қоспағанда биылғы бюджет түсімінің жалпы сомасы 7 трлн 81 млрд теңге болады деп көзделуде. Жоспардағы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 3,8 пайыз деңгейінде сақталды. Мұнай өндірісі 89 млн тонна, ал бағасы барреліне 55 доллар аумағында қалды. Инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 пайыз мөлшерінде. Бюджет тапшылығы болса 1 трлн 365 млрд теңге.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу