2020 жылы күштік құрылымдарға 1,4 трлн теңге жұмсалмақ

2020 жылы күштік құрылымдарға бюджеттен 1,4 трлн теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл елдің ЖІӨ-нің 11,4 пайызын құрайды. Бүгін Парламент Мәжілісің депутаттарына 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылды. Бұл қаражаттың ішіндегі 394,1 миллиарды Ішкі істер министрлігіне, 375,1 миллиарды арнайы мемлекеттік органдарға, 331,8 миллиарды Қорғаныс министрлігіне, 276,2 миллиарды мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарға, 31,9 миллиарды Бас прокуратураның шығыстарына берілмек. Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұловтың есеп-қисабына сенсек, жалпы келер жылы қазынаға 11 трлн 207 млрд 900 млн теңге түссе, шығыстар 12 трлн 742 млрд 500 млн теңгені құрайды. Тиісінше тапшылық бір жарым трлн теңгеден аспақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу