42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШ ҚАЙ КҮНГЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ?

42 500 теңге үшін өтініш 1-ші қыркүйекке дейін қабылданады. Бұл туралы Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Оның сөзінше, кейбір азаматтарға автоматты түрде тағайындалады. Бүгінде олардың телефон нөмірлеріне смс жолданды. Олар өз кезегінде жұмыссыз отырғандарын растауы тиіс. Сондай-ақ, министр азаматтардан өтінішті бір рет қана беруін сұрады. Қайталап жолданған өтінімдер жұмыс жүктемесін көбейтеді. Бұдан бұрын, Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге тағайындау үшін қордың мүмкіншілігі төмен екенін айтқан. Сол үшін қазір Үкімет пен Ұлттық банк ақылдаса келе активтерді сатылымға шығарды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу