42500 ТЕҢГЕ: КЕРІ ҚАЙТАРЫЛҒАН ӨТІНІШТЕРДІ ҚАЙТА ҚАРАУДЫҢ ШАРТЫ БЕКІТІЛДІ

42500 теңге бойынша кері қайтарылған өтініштерді қайта қараудың шарты бекітілді. Жауапты министрліктің хабарлауынша, ол үшін табысынан айырылғанын дәлелдейтін құжаттар болуы керек. Жалдамалы жұмысшы ақысыз демалысқа шыққанын дәлелдейтін бұйрықты ұсынуы тиіс. Ал жеке кәсіпкерлер банк анықтамасын немесе қаржылай бір есепті беруі шарт. Өтінішті азаматтар немесе жұмыс берушілер аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы аудандық штабқа қалдырады. Айта кетейік, карантин талаптарын ескере отырып, өтінімдерді қабылдау осы жылдың 1-ші желтоқсанына дейін жалғасады

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу