5 ЖЫЛДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 4 МЛН-ҒА ЖЕТЕДІ

Алдағы 5 жыл ішінде шағын және орта кәсіпкерлер саны 4 млн-ға жетеді. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовтың болжамы осындай. Былтырдың өзінде, бұл салада нәпақасын тауып жүргендер 3,3 млн-ға жеткен. Оның 600 мыңы алматылықтар. Нұр-Сұлтанда 363 мың адам жеке кәсібін ашқан. Бизнеске бейім үздік үштікке Алматы облысы кіріп отыр. Мұнда өз кәсібін өрге домалатып отырған 253 мың азамат бар. Министрдің айтуынша, шағын кәсіптің көптеп ашылуы 2025 жылға қарай өнідіріс көлемін 35 трлн теңгеге ұлғайтады. Нәтижесінде Жалпы ішкі өнімдегі оның үлесі 35 пайызға дейін жетеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы реформалар қабылданбақ. Атап айтқанда, «Бизнеске арналған Үкімет» пен «Ақылды реттеу құралы» іске қосылмақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу