60 мектеп директоры тергеу изоляторында болды

Бұл уақытта Шымкентте 60 мектеп директоры тергеу изоляторын аралап көрді. Бұл уақытша ұстау мекемесіне қылмыс жасап түсудің алдын алу шарасы. Ашып айтсақ, білім мекемелерінің басшылары қамаудағыларды ұстау шарттарымен танысты. Алайда біраз директордың жеке камераларға кіруге жүректері дуламады. Мұндай ерекше экскурсияны қалалық сыбайлас жемқорлықққа қарсы агенттік ұйымдастырды. Олардың пікірінше, бұл директорларға жақсы сабақ болады. Себебі пара алса, қандай жағдайда өмір сүретіндерін өз көздерімен көрді. Жемқорлыққа қарсы күресшілердің мұндай қадамға баруы, елдегі білім беру саласындағы парақорлықтың өршіп тұруы. Айта кететіні, бұл изоляторда 500-ге жуық адам қамалған. Арасында пара алғаны үшін сотталғандар да баршылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлер педагогтардан басқа да мемлекеттік қызметтегілер үшін де мұндай экскурсия ұйымдастырмақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу