Миллионнан астам қазақстандық ипотекаға баспана ала адмай қалуы мүмкін. Себебі көбінің кредиттік жағдайы бұзылған. Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко мәлімдеді. Еске салсам, жуырда ғана "Биліктің жасап жатқан жақсылығы үшін халық тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек" деп қалың елді бір толқытып алған Божко мырза бұл жолы халықтың мұңын жеткізуге тырысты. Оның пайымдауынша мемлекеттік органдар басталған бағдарламаларды бақылауға ала алмай отырған көрінеді. Жыл басынан бері 73 мың адамның құжаты қате рәсімделіп, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін әдейі табысын азайтып көрсеткен. Соның 27 мыңына жәрдемақы беру тоқтатылған. Мұның зардабын көмекке шынымен зәру жандар тартып отыр деді Мәжіліс спикерінің орынбасары. Сондай-ақ депутаттар аз қамтылғандарға арналған "Бақытты отбасы" бағдарламасын да сынға алды. Бұл жөнінде Мәжілісте жүрген әріптесіміз Жалғас Зейнолла айтып беруге дайын.