700-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҮРКИЯДА ҮЙ САТЫП АЛҒАН

700-ден астам Қазақстан азаматы Түркияда баспаналы болған. Бұл ақпаратты Түркияның статистика институты таратты. Дерекке сенсек, Стамбұл, Анкара, Анталия қалаларындағы баспанаға шетелдіктер тарапынан сұраныс 15пайызға өскен. Түрік еліндегі жылжымайтын мүлікке қызыққандар қатарында Ирак елі көш бастап тұр. Мұнда 7мың 596 ирактық баспаналы болса, Екінші орында 5мың 423 азаматымен Иран мемлекеті жайғасты. Ал үшінші орыннан 2 мың 893 Ресей азаматы көрінді. Сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Ауғанстан да, үздік бестікке еніп отыр. Анықталғандай отандастарымыздың арасында да шетелдік баспанаға қызығушылық бар болып шықты. Дубайда үйі бар Тараздық кәсіпкердің айтуынша бұл -бір инвестицияның түрі.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу