9 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ТЕНДЕРІ: АЛАКӨЛДІ ЖАРНАМАЛАУҒА БЛОГЕРЛЕР ШАҚЫРТЫЛҒАН

Пандемия кезінде PR-ға қыруар қаржы шығындамақ болған. Алматы облысының әкімдігі Алакөлге турист тартып, насихат жасау үшін 9 млн теңгеге лот қойып, тендер жариялағаны анықталды. Мемлекеттік сатып алулар платфомадағы тапсырысқа қарағанда, қосымша ноутбук сияқты қымбат техникалық құрал-жабдықтарға да сұраныс беріліпті. Сөйтес, бұл аймаққа жарнама жасау үшін шақыртылатын блогерлерге берілетін сыйлық екен. Іс-шараны ұйымдастырушы - аймақтық Ішкі саясат басқарамасы болған. Бірақ қоғам арасында шу туғаннан кейін әкімдік 9 млн теңгенің тендірінен түбегейлі бас тартуды ұйғарыпты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу