9 Ұлттық компанияның міндеттемелер бойынша қарызы - 7,6 трлн теңге

Ұлттық компаниялардың биылғы жарты жылдықтағы міндеттемелері бойынша қарызы 7,6 трлн теңгеге жетті. Мұны Статистика комитеті «Атамекен бизнес» арнасы жолдаған сауалхатқа ресми жауабында көрсеткен. Сонымен, құжаттағы 9 ұлттық компанияның қызметі бойынша соңғы есептер мынадай: 2-ші тоқсандағы табыс салықтық төлемдерді қоспағанда 545 млрд теңге. Банктік берешек - 327 млрд теңге. Ал жалпы несиелік қарыз - 2,3 трлн теңгені құрап тұр. Бұл бірінші тоқсанмен салыстырғанда 86 млрд теңгеге көп. Ескерте кетсек, бүгінде квазимемлекеттік секторда 3 ұлттық басқарушы холдинг, 1 ұлттық холдинг және 19 ұлттық компания жұмыс істейді. Олардың құрылымында 500-ден астам еншілес фирма бар. Қызметкерлер саны – 300 мың адам.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу