А. ӘБДІРАСЫЛОВ: ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ ЖЕЛІГЕ ШЫҒЫП КЕТКЕН ШЕТЕЛДІКТЕР ШАҒЫМЫ КӨБЕЮІ МҮМКІН

Бас Прокуратура сайты арқылы кейбір құпия мәліметтер жалпақ жұртқа жария болып жатыр. Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы Facebook парақшасында осындай жазба қалдырды. Әсіресе, qamqor.gov.kz ақпараттар базасына қауіп төніп тұр. Себебі ондағы қорғану жүйесін хакерлердің бұзуы оңай. Кесірінен, жеке басқа қатысты деректер сыртқа тарап жатыр. Арасында осында тұратын шетелдік азаматтардың да мәліметтері бар. Деректер базасына төнген қауіп туралы алғашқылардың бірі болып орталық басшысы дабыл қақты. Арман Әбдірасылов, тіпті, құзырлы орындарға бірнеше мәрте хат жолдағанын айтады. Бірақ оған Бас прокуратура өкілдері назар аудармаған көрінеді. Демек, ондағы ІТ-мамандар «бәрін реттедік»,- деп басшылыққа өтірік есеп беретіні анық»,- дейді. Жалпы мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Себебі жеке азаматтардың басына қатысты ақпараттар үшінші қолға өтіп, салдарынан кәнігі алаяқтар арам ойларын іске асыруы мүмкін. Коммерциялық құралға айналып қана қоймай, түрлі түзетулерге де ұшырауы мүмкін. Ал түскен кейін Бас Прокуратура мәліметтер базасын қалыпқа келтіргенін ресми мәлімдеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу