А. МЫРЗАХМЕТОВ: ҰЛТТЫҚ БАНК АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК

Ұлттық банк ақша-несие саясатын қазақстандықтарға тиімді етіп өзгертуі керек. Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов осылай деді. Айтуынша доллар нығайғанымен рубль бағамы төмендеуде. Салдарынан Ресей валютасымен кредит алып жатқан қазақстандықтар да көп. Егер Ұлттық банк шара қабылдамаса 2015-ші жылғы жағдай қайталануы мүмкін. Еске салсам, 5 жыл бұрын рубльдің құлдырауынан көбі Ресейден тауар тасуға лек-легімен ағылған. Нәтижесінде үлкен көлемде капиталдыңшетке жылыстауы байқалған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу