Ә.СМАЙЫЛОВ: САЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУГЕ ҚАТЫСТЫ 77 ҰСЫНЫС ҚАРАЛЫП ЖАТЫР

Салықты жетілдіруге қатысты ұсыныстарды қарайтын жұмыс тобының құрылғаны белгілі болды. «Атамекен бизнес» арнасының ресми жолдаған сауалына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов оны растап, жауап қайтарды. Түсіндірмеге қарағанда, ол 23-мамырдағы Үкімет қаулысына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігіне қарасты бекітілген. Жұмыс тобының бірнеше отырысы да өтіп қойыпты. Ал құрамына – Үкімет мүшелерімен қатар қоғамдық ұйымдар мен Парламент және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірген. Әзірге салықтық түзетуге қатысты 77 ұсыныс түсіпті. Соның бірі – қосымша құн салағын 16%-ға, ал ұжымдық табыс салығын 24%-ға дейін өсіру. Бірақ оған бизнес-қауымдастық қарсылық білдіріп жатыр. Мәселен, «Қазақстан астықты қайта өңдеушілер мен нан пісірушілер одағының» Президенті Егений Ган айтуынша, бұл - Үкімет үшін ғана болмаса, кәсіпкер үшін көк тиынға да пайдасы жоқ өзгерту. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қосымша құн салығы – 12%-ды, ал ұжымдық табыс салығы – 20%-ды құрайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу