АДАМ АҒЗАСЫН ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРУҒА БОЛАДЫ?

Адамның ағзасын қандай жағдайда ел аумағынан шығаруға болады. Денсаулық министрі Елжан Біртанов сенатта осыған қатысты заң жобасын талқылау барысында айтты. Оның сөзінше, адамның ағзасы тек қана қазақстан азаматтарына медициналық көмек керек болғанда шығарылады. Бұл мәселе бойынша жұртшылықтың пікірі ескеріліп, бірқатар даулы нормалар пысықталған. Жалпы қайтыс болған адамның органын алуға қатысты норма 2009 жылдан бері қолданыста. Ендігі заң жобасында тірі кезінде ағзасына алуға ерік білдірмеген жағдайда, келісімді бермеуге жұбайының немесе туыстарының құқығы бар. Заң бойынша ағзаны сатуға немесе сатып алуға тыйым салынғанымен, ғаламторда «көлеңкелі нарық» саудасы қызып тұр. Тіпті телефондарына дейін көрсетіп қойған. Бірқатарына әріптестеріміз хабарласып көрді. Жауап бермеген екен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу