AIR ASTANA ЕЛІМІЗДЕ ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН BOEING 737 MAX ҰШАҚТАРЫН САТЫП АЛУЫ МҮМКІН

176 адам қаза тапқан Ирандағы әуе апатынан кейін Boeing корпорациясының акциялары 1,8% төмендеді. Айта кету керек, қозғалтқышы тұтанған ұшақ Boeing 737 MAX-тың алдында шыққан үлгі. Соңғысын Эфиопия мен Индонезияда болған ірі әуе апаттарынан кейін қолдануға тыйым салғынған болатын. Осыған қарамастан «Эйр Астана» компаниясы қолданысы тоқтатылған ұшақтын 30 данасын сатып алу жөнінде ниетхатқа қол қойғаны жария болды. Дегенмен, компания өкілдері бұл нақты шешім емес екендігін айтып отыр. Boeing 737 MAX ұшақтарын сатып алу мәселесі аталмыш үлгінің қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана акционерлер кеңесінде талқыланбақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу