Әйел адам жеке меншік емханада екпе қабылдап жан тапсырды

Ақтөбеде әйел адам жеке меншік емханада екпе қабылдап жан тапсырды. Нәресе көтеру үшін ем қабылдап жүрген әйелге дәрігерлер екпе салған. Алайда препарат оған жақпаған. Ал дәрігерлер болса, емдеу шарасын тоқтатудың орнына оны әрі қарай жалғастырған. Марқұмның күйеуінің сөзінше әйелі дәрігерлердің қолында қаза тапқан. Осылайша оны үш сағат емханада ұстап, қаралы хабарды ең соңында күйеуіне айтқан. Енді марқұмның жақындары мен күйеуі қайғылы оқиғаға дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп отыр. Мәселенің ақ-қарасын қайтыс болған әйелдің күйеуі Айдостан телефон арқылы білейік.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу