Әйелдерге арналған ипотекаға құжаттар қашан қабылданатыны белгілі болды.

Әйелдерге арналған ипотекаға құжаттар қашан қабылданатыны белгілі болды. Біздің тілшілердің сұрағына жауап берген Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілі «жаңа бағдарламаның талаптары мен шарттары келер жылдың басында жарияланатын әрі құжаттар қаңтар айының екінші жартысында қабылдана бастайтынын» айтты. Бұған дейін хабарлағанымыздай Азия даму банкі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әйелдерге арналған ипотекаға 38 млрд теңге бөлген. Келісім бойынша жаңа салынып жатқан үйлер мен қатар қайталама нарықтағы баспана да қарастырылады. Несие 30 млн теңгеге дейін беріледі. Егер жалақы 200 мыңнан төмен болса алғашқы жарна ретінде жалпы соманың 15 пайызын құю керек. Ал 200 мыңнан жоғары болған жағдайда - 20 пайыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегілер жаңа жобада ауыл әйелдері мен табысы төммен жандарға басымдық берілетінін айтты. Жалпы қыз-келіншектердің 60 пайызы қамтылмақ. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу