Айқын Қоңыров: «ҚазАвтоЖол» халықты қашанғы қанайды?

«ҚазАвтоЖол» халықты қанауын қашан тоқтатады? Осылай деген депутат Айқын Қоңыров ақылы жолдардың мәселесін алға тартты. Тарифтердің негізсіз қымбаттауы мен төлемді электронды түрде жасамайтын жүргізушілердің құқығы тапталуда, - деді мәжілісмен. Оның пайымдауынша, жолдар ақылы болады дегенде шенеуніктер жол ақысы 1 шақырымға 1 теңгеден аспайды, бұдан бюджетке қосымша 30 млрд теңге түседі деп мәлімдеген. Алайда, жолдың құны бірден қымбаттаған. Оның үстіне электронды түрде есеп айырысуды білмейтін, қолма-қол ақша беретіндер екі есе артық төлеуде.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу