Әке мен бала қоғамдық көліктің астында қалды

Қызылордада қоғамдық автобус ер адам мен оның баласын қағып кетті. Салдарынан бүлдіршіннің әкесі оқиға орнында қаза тапса, бала көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиға 17 қазан күні сағат 12.30 шамасында, Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысына жақын жерде болды. Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жолдың белгіленбеген тұсынан 4 жасар бала жүгіріп шыққан. Артынан әкесі оны құтқаруға ұмтылған. Сол мезетте жақындап қалған қоғамдық көлік оларды қағып кеткен. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы деп  көрсетілген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу