ӘКІМДІКТЕРГЕ ОРАМЖАПЫРАҚТЫ САТЫП АЛУДЫ МІНДЕТТЕУ ҰСЫНЫЛДЫ

Орамжапырақ мәселесі оңала ма? Төтенше жағдай салдарынан көкөністі шетелге сата алмай отырған диқандардың дегбірі қашқалы бірнеше күн болды. Шығынға шаш етектен батқан шаруалардың шағымы Парламенттің жоғарғы палатасына жетті. Сенаторлар облыс әкімдері мен күштік құрылымдарға көкөністі сатып алуды міндеттеу керек деп санайды. Ал Дариға Назарбаева болса, кейбір елде жеуге азық таба алмай отырғанда, қазақстандық қырыққабаттың ысырап болғаны өкінішті деді. Тақырыпты тілші тарқатады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу