ӘКІМНІҢ ТАЛАБЫН ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАНЫҒАН ШЫМКЕНТТІК ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ШУ ШЫҒАРДЫ

Шымкенттің жолаушы тасымалдаушылары тағы шу шығарды. Бұл жолы автопарк қожайындары жергілікті әкімді маршруттарды заңсыз тартып алып жатыр деп айыптауда. Айтуларынша, бұрынғы әкімнің бұйрығы бойынша кәсіпкерлер жаңа көліктер сатып алу үшін белшеден қарызға кірген. Сол үшін 10 жыл мерзімге жолаушы тасымалдау құқығы уәде етілген. Қазір 11 компанияның әрқайсысының орта есеппен 100 млн теңгеден артық кредиттері бар. Алайда, қаланың жаңа басшысы автопарктерден табиғи газбен жүретін автобустарды сатып алуды талап етуде. Өйтпеген жағдайда келісімді бұзамын деп қорқытыпты. Кәсіпкерлердің қайта қарызға кіруге шамалары жетпейді. Бірақ, мүлдем табыссыз қалудан да қорқады. Сол себепті наразы топ прокуратурадан қала әкімінің әрекеті қаншалықты заңды екенін тексеруді сұрайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу