АҚОРДА: БОЗЖЫРАДА ҚОНАҚҮЙ САЛУҒА АРНАЛҒАН БАСҚА ЫҢҒАЙЛЫ ЖЕР ТАҢДАЛАДЫ

Бозжыра шатқалында қонақүй салу ісі тоқтатылмайды. Тек құрылысты жүргізу үшін басқа ыңғайлы жер таңдалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау жұртының наразылығын туғызған жобаға қатысты осындай шешім қабылдап отыр. Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің фейсбукте қалдырған жазбаға қарағанда, Президент Үкіметке жобаны қайта қарау шұғыл тапсырма беріпті. Еске салсақ, таяуда әлеуметтік желіде Бозжыра табиғи қорының аумағында қонақ үйдің құрылысы басталғандығы жөнінде видео тараған. Осыған орай бір топ маңғыстаулық белсенді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен облысы әкімі Серікбай Тұрымовқа ашық хат жолдап, құрылысты тоқтатуды талап ектен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу