АҚШ КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ ҚАЗАҚСТАНҒА 890 МЫҢ ДОЛЛАР БЕРУГЕ ДАЙЫН

АҚШ билігі коронавирусқа қарсы күрес үшін Қазақстанға 890 мың доллар беруге дайын. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықаралық ұйымдармен кездесу өткізді. Жиында ұйым басшылары қауіпті дертке төтеп берудің жолымен бөлісіп, ақшалай көмек беруге уағдаласқан. Ауқымды қаржы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қызыл крест комитеті арқылы бөлінеді. Осыған орай, арнайы бірлескен жұмыс тобын құру жоспарланған. Олар емханалардағы ахуалды қадағалап, жұқпалы дерт тіркелген жағдайда лезде әрекет жасап, ақпарат тарататын болады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу