АҚШ СОТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАКЕРДІ 50 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУЫ МҮМКІН

АҚШ соты қазақстандық хакерді 50 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін. Киберқылмыс әлеміне Эф-икс-эм-эс-пи лақап атымен танымал Андрей Турчин бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазақстан азаматына қатысты ақпарат Вашингтон Әділет департаментінің сайтында жария болды. Онда Турчин мен оның сыбайластары 2018 жылы ғаламтор қолданушылардың жеке бас ақпараттарын ұрлап, артынша өзге хакерлерге сатқаны жөнінде жазылған. Қылмыстық топтың әрекетінен алты құрлықтағы 30 мемлекет пен жүздеген компания зардап шеккен. Киберқылмыскерлер құнды деректерді 1 мың доллардан бастап, 100 мың долларға дейінгі соммаға саудалап келген. Қазақстандық азаматтың кінәсі дәлелденсе Андрей Турчин қалған өмірін темір торда өткізуі әбден мүмкін.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу