АҚШ-ТАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

АҚШ-тағы Президент сайлауы аяқталды. Биылғы саяси науқан күллі әлем назарын аударғаны анық. Қазір баршамыз оның нәтижесі қалай боларын асыға күтіп отырмыз. Ресми қорытындысы бүгін, ертең емес, бірнеше күннен кейін шығады. Себебі почта арқылы берілген дауысты санауға ұзақ уақыт кететіні түсінікті. Пандемияға қарамастан, биыл америкалықтар белсенділік танытып, дауыс беру құқы бар 255 млн азаматтың 100 млн-ы пошта арқылы күні бұрын таңдау жасады. Олардың көпшілігі – демократтар. Сондықтан Байден жеңіске жетеді деп болжам жасағандар да болды. Трамп жақтастарының дені кеше және бүгін дауыс берді деген ақпарат бар. Қазір күллі әлем шешуші рольге ие штаттардағы жағдайды жіті бақылауда. Сайлау барысы туралы әріптесім Әлия Текенова айтып беруге дайын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу