АҚШ Түркияға санкция салмайды

Сириядағы әскери операция аяқталды ... деп қуанғанымызға көп болған жоқ, жарты күн өте сала Рас-эль-Айн қаласында тағы да шабуыл басталды. Түске дейін Анкара мен Вашингтон Сирияның солтүстігіндегі әскери операцияны тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлаған едік. Түріктер күрдтерден 120 сағат ішінде қауіпсіздік аймағынан кетуді талап етіп отыр. Бірақ бұл - тараптар өзара тіл табысып, шиеленіс шешімін тапты дегенді білдірмейді. Америкалық делегацияны қабылдаған Ердоған сириялық күрдтер шекаралық аймақты босатса ғана, әскери операция аяқталатынын айтты. Одан әрі жағдай қалай өзгеруі мүмкін? Толығырақ келесі бейнематериалда. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу