Ақша аударымдарына салық салынады!

Электронды ақша аударымдарына салық салу қалыпты практика. Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев осылай деп бүгін Қаржы министрлігінің бастамасын қолдайтынын білдірді. Тіпті қаржылық бақылаушы ұйым аталмыш ведомствомен бірлесіп, оның механизмдерін реттемекке дайын. Еске салсақ, 7-ші қарашада Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпақұлов банк картасы арқылы ұдайы аударым жасайтындар салық төлеуге міндеттелуі мүмкін деген болатын. Жиі транзакцияны тек кәсіпкерлер ғана жасайды. Бірақ карталарға жеке-жеке талдау жүргізілу қажет деді. Бұл, әсіресе, Kaspi Bank қызметін тұтынатындарға тікелей қатысты. Себебі қазір электронды аударымдар жасауда тек осы банк қана комиссиялық төлем алмайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу