Ақтөбеде сұйытылған газдың бағасы 10 теңгеге қымбаттады

Ақтөбеде сұйытылған газдың бағасы 10 теңгеге қымбаттады. Ал кейбір бекеттерде отынды тек талонмен ғана сатуда. Бұған көлігіне газ қондырғысын орнатқандар наразы. Шағымдарын айтып, құзырлы мекемелерге де хабарласқан. Қазір олар тексеру жүргізіп жатқандарын айтты. Екі компанияға қатысты ескерту жіберген. Егер, бұл өңірдегі газ компанияларының тапшылықты қолдан жасап, бағаны өсіргісі келген әрекеті болса – шара қолданамыз дейді шенеуніктер. Жалпы, Ақтөбе облысы ай сайын 9 мың тонна әлеуметтік сұйытылған газға сұраныс береді. Оның құны 45 мың теңге.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу