АҚТӨБЕДЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙАҚЫЛАРЫН ДАУЛАП ЖҮР

Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкерлері сыйақыларын даулап жүр. Шағымданған бір топ адам бүгін бекеттің алдында жиналды. Айтуларынша, оларға тиісті ақшаны бір ай бұрын төлейміз деп уәде еткен. Алайда, 34 мың теңгеден басқа түк алғанымыз жоқ дейді. Коронавируспен күрес кезінде республикалық қазынадан бөлінген үстемақы алатындар санатына негізінен бұл жұмысшылар кірмейді. Өйткені, күнделікті шақыртуларға барады екен. Алайда, басымызды қатерге тігіп, сол індетті жұқтырғандармен байланыста болғандарды бақылаймыз деп отыр. Осыны ескеріп облыс басшылығы әр қызметкерге 100 мың теңгеден сыйақы есебінде төлеуді ұйғарыпты. Алайда, соның өзін толық алмадық дейді жиналғандар. Айта кетейін, қазір облыста 52 жедел жәрдем бригадасы

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу