Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Президенттен көмек сұрады

Қытайда істі болған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап хат жазды. Анасының сөзінше ол бірнеше жыл көрмеген қызымен 3-ші қыркүйек күні Гуанчжоу қаласындағы сотта кездескен. Судия екеуіне 15 минуттық тілдесуге рұқсат беріпті. Ол өзінің еш қылмыс жасамағанын айтып отыр. Қызым нақақтан нақақ 6 жыл бойы жат елдің түрмесінде қамауда отыр. Ал еліміздің ішкі істер министрлігі қажетті шараларды қолданбай отыр дейді анасы. Осыған орай «Құрметті Президент! Сыртқы істер министрлігіндегі көп жылдық тәжірибеңізге орай мәселені өз бақылауыңызға алып, қызымның елге оралуына көмектесуіңізді сұраймын» делінген хатта. Еске сала кетейік отандасымыз 2014-ші жылдың наурыз айында аспан асты елінің Малайзиямен шекарасында ұсталған. Әуежайдың қауіпсіздік қызметі оның жол сөмкесінен 4 жарым келі есірткі затын тауып, қамауға алған. Ал 2016 жылдың 7-ші сәуірінде апелляциялық сатыдағы сот оны есірткі контрабандасымен айналысты деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырған . Кейін ол үкім күшін жойды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу