АЛАКӨЛДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ КЕЛЕСІ АЙДА АШЫЛАДЫ

Айдынды Алакөлде шомылу маусымы 13 маусымнан бастап ашылады. Шипалы көл екі облыстың аумағында орналасқандықтан екі өңірдің туристік нысандары бір күнде жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді. Туристердің көлге жетуін жылдамдату үшін Үшарал қаласына Нұр-Сұлтан, Алматы және Талдықорған қалаларынан ұшақтар қатынайды. Сондай-ақ облыс бюджетінен темір жол байланысы субсидияланбақ. Ал Жетісу өңіріндегі кейбір туристік нысандар мәселен Көлсай көлдері, Алтынемел ұлттық парктері, Ұйғыр ауданының термалды суларының демалыс орындары жұмысын бірінші маусымнан бастамақ. Барлық туристік нысан иелеріне қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау міндеттеледі.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу