АЛЕКСЕЙ ЦОЙ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі ауысты. Күні кеше бірінші вице-министр болып тағайындалған Алексей Цой бүгін министр болды. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті оның кандидатурасын мақұлдап, Президент жарлығы бірер сағат бұрын шықты. Экс-министр Елжан Біртанов болса, коронавирус жұқтырып алып, жарты айдан артық уақыт емделіп жатыр. Ол өзінің фейсбуктегі парақшасында ауруының асқынуына байланысты жұмыстан шығуды ұйғарғанын жазған. Ал Алексей Цойға бұл жұмыс таңсық емес, ол Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметін 2014 жылдан 2019 жылға дейін атқарған. 2019 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейін Президент Іс басқармасының Медициналық орталығын басқарды. Енді КОВИД-19-бен күрес жаңа министрдің мойнына артылады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу