АЛЕКСЕЙ ЦОЙ: ЕГЕР ВИРУС АСҚЫНЫП ЖАТСА, ҚОЛДАНАТЫН БАСҚА ЖОСПАРЫМЫЗ БАР

Қиын кезең артта қалды. Қазір жағдай тұрақталып келеді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәл осылай деді. Сөзінше, соңғы үш аптадағы енгізілген карантиннің нәтижесінде жұқтырғандар саны екі есеге азайған. Қазақстан бүгінгі күні 92 мың 662 науқаспен әлем бойынша 27-ші орында. Жазылғандар әзірге – 62 мың 511 азамат. Яғни, жалпы науқастың 67 пайызы ауруынан айыққан. Сондай-ақ, министр 1-тамыздан бастап коронавирус инфекциясы мен пневмонияны есепке алудың өзгертілген тәсілін қолдана бастағанына тоқталды. Бұл дұрыс болжам жасауға, соған сәйкес дәрілік заттарды қажеттілігін жоспарлауға, әрі статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді министрлік өкілдері.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу