ӘЛИ ТҰРҒАНБЕКОВ КРИШТИАНУ РОНАЛДУМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстандық Әли Тұрғанбеков танымал футболшы Криштиану Роналдумен кездесті. Бұл туралы Футболдан Италияның Ювентус командасы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің инстаграм парақшасында айтты. Әлемге әйгілі футболшы 195 млн оқырманы бар парақшасында «Сенімен кездесу өте керемет болды, мен қуаныштымын» деп жазды. Айта кетейін, Әли мен Роналдудың кездесуін UFC-ден жеңіл салмақтағы чемпион, ресейлік Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған болатын. Ол Әлимен өзінің Алматыға сапары барысында танысыпты. Бұған дейін Әли Лео Месси, Неймар, Киллиан Мбаппе және Мохамед Салах сияқты футбол жұлдыздарымен кездескен болатын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу