АЛМАТЫ ӘКІМДІГІ «БАРАХОЛКА» БАЗАРЫ ЖАБЫЛАДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

Алматы әкімдігі «Барахолка» жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды. Қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин желі арқылы арқылы тарап кеткен мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Дейтұрғанмен ол санитарлық талаптарды сақтамай, өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда үлкен, орта және шағын бизнес нысандарының жабылуы мүмкін екенін тілге тиек етті. Естеріңізге сала кетейін, шаһардағы азық-түлік емес базарлар 1 маусымда жұмысын қайта бастаған болатын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу