АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САЛЫНЫП ЖАТҚАН СПОРТ КЕШЕНІ ҚИРАДЫ

Алматы облысында қыруар қаржыға салынып жатқан спорт кешені қирады. Жергілікті билік бұл жайт  құрылысшының салғырттығынан болуы  мүмкін екендігін алға тартады. Алайда белсенділер опырылып ортасына түскен нысанның сапасы сын көтермейді деп отыр. Жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс спорт кешенінің құрылысы енді қалай жалғасын таппақ. Әріптесім Арай Сүгірбай дәл қазір мән-жайтты баяндауға әзір. 

ҚҰЛАҒАН ҮЙ, ҚИСАЙҒАН БАСПАНА: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСТАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАШАН КҮШЕЙЕДІ?  
 
Мұндай жаңалыққа елең етпейтіндей жағдайға жеткініміз рас. Құлақ та, көз де үйренді.Күн құрғатпай құлап жатыр. (ОКНО) Кеше ғана Елордадағы жолайрықтың опырылып түскенін әлі ұмыта қоймадық. 10 жылдай бұрын көпірді Елбасының өзі ашқан. Енді жылдар бойы жөнделмей тұруынан, жұрт, тіпті, еркелетіп, «Бүкір көпір» деп атап кетті.  Оған қоса «қисайған» үйлер де бар бізде. Халық «Алға баспаған алғабас» деп те кекетіп жатады.  Былтыр бірден 34 сантиметрге қисайып кетті. Бір қызығы, баспанадағы есіктер өздігімен ашылып-жабылатын болған. Тұрғындар үйлерін тылсым күш басып алғандай күй кешкен екен. 

ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРАЛАП ҚАЛҒАН ОРТАЛЫҚ 

Құрылыс саласына бақылауды күшейту керек деуіміз тегін емес. Оған тағы бір мысал Шығыс Қазақстанда тендерді ұтып алған «Байсан А» компаниясы өз ісіне жүрдім бардым қарғаны әшкере болды. Салдарынан  тамыз айында берілуі тиіс перинаталды орталықтың құрылысы аяқсыз қалған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу