Алматы облысында 5-10 мың теңгені қолдан жасап келген күдікті ұсталды

Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысты деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Қазір 1989 жылғы күдіктінің іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жалған ақшаны дайындайтын жасырын цех Талғар қаласында жұмыс істеп келген. Оқиға орнынан "EPSON" маркалы түрлі-түсті көшіру аппараты, қағаз кесуге арналған станок, түрлі бояулар және жалған ақша купюраларының үлгілері тәркіленді. Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіндегі қызметкерлердің мәліметінше, Алматы облысының сауда орындарында осы жалған ақша қаражатын өткізу фактілері анықталған. Енді күдікті 10 жылға дейін басбостандығынан айырылуы мүмкін.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу