Алматыда Әл-Фараби даңғылында автобус жанып кетті

Алматыда әл-Фараби даңғылында жолаушылар автобусы жанып кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға таңғы 7 кезінде, Қожанов көшесінің қиылысында болған. Абырой болғанда №2 бағытымен қатынайтын қоғамдық көлікте жолаушы болмапты. Жүргізуші өз бетімен өртті сөндіруге тырысқанымен, қызыл жалын дес бермеген. 25 шаршы метрді қамтыған отты 11 өрт сөндіруші сөндірді. 2 техника мен жедел жәрдем көмекке келген. Оқиға салдарынан әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы қиындап, кептеліс болды.

Араға екі сағат салып, елордасында да жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған. «Астана ЛРТ» компаниясының өкілі Науат Азанбаевтың айтуынша, өртке оранған транспорт - №51 бағытпен қатынайтын автобус. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, транспорттың қозғалтқышы мен артқы бөлігі лаулап жанған. Оны сөндіруге оған 2 техника мен 13 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу