АЛМАТЫДА ӘСКЕРИ-ДАЛАЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ

Алматыда 30 шақырым жерде әскери далалық госпиталь тұрғызылды. Оны құрау үшін қорғаныс министрлігінің өкілдері небәрі екі тәулік уақытын жұмсаған. Бір күн Тараз қаласынан қажетті құрал жабдықтарды әкелуге кеткен. Госпитальда қабылдау, диагностикалық, реанимация, операция бөлімдері және дәріхана бар. Жалпы 900 төсек орын қойылған. Коронавируспен күресу үшін 300 орыны бар екі нысан және 500 төсегі бар шатыр тігілген лагерь дайын. Дәл мұндай орынды әскерилер Нұрсұлтан қаласында да әзірлеп қойған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу