Алматыда Қазақстан халқының денсаулығы туралы жаңа Кодекске қарсы митинг өтті

Бүгін алматылық белсенділер денсаулық кодексіне және медицинадағы жемқорлыққа қарсы митингке шықты. Азаматтық қоғам өкілдерінің пікірінше, адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Қазақстанның конституциялық жүйесі негіздеріне сәйкес келмейді, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді және азаматтардың Ата заңмен кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтарын бұзады. Шеруге шыққандар  арасында медициналық мекемелердің қызметкерлері, заңгерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды. Бейбіт митингке 200-ге жуық азамат қатысты. ОТВОД Наразылық акциясына шыққандардың пікірінше, кодекстің даулы жақтарына да назар аудару керек. Мәселен мәжбүрлі вакцинация, репродуктивті денсаулыққа құпия кеңес беру және балаларға қатысты психиатриядағы жаңа тәсілдер. Осы мәселелердің барлығы тасада қалмауы керек дейді белсенділер.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу