Алматыда элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 млн теңге қарыз

Алматыда 1000-нан аса элиталық үй мен пәтер иелері салық төлемей отыр. Олардың бюджетке берешегі 247 млн теңгеден асқан. 2018 жылға мүлік және жер салығын төлеу мерзімі осыдан бір ай бұрын өткеніне қарамастан, элиталық үйлер мен пәтер иелері қарызды өтеуге асықпайтын көрінеді. Осыдан кейін мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері полиция және сот орындаушылармен бірігіп, жеке тұлғалардың қарызан өндіріп алмақ. Нақтырақ айтқанда, борышкердің өзінде не өзге де жеке немесе заңды тұлғаларда тұрған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкі тәркіленеді. Сонымен қатар, жеке тұлға салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл төленбейді. Мұндай салықтық рақымшылық 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу