Алматыда интернат және балалар үйінің оқушылары бейне түсіруді үйренді

Алматыда интернат және балалар үйінің оқушылары арасында «үздік вайнға» байқау жарияланды. Мұндай ерекше жобаға «Аяла» қайырымдылық қоры мұрындық болып отыр. Сондай-ақ, Pazl және T-jokers секілді вайн топтары қолдау білдірген. Байқау 4 кезеңнен тұрады – іріктеу, машықтану, вайн түсіру және ақтық сын. Жарыста топ жарған команда смартфонға ие болады. Айта кетейік, іріктеу кезеңі қазан айында басталып кеткен. Шараға 3 интернат мектеп пен 2 балалар үйінен келген 39 жеткіншек қатысып жатыр. Енді олар режисерлік және актерлік шеберлік, видео түсіру, монтаж жасау бойынша сабақ алады. Ал ақтық сында әр топ жаңа жыл тақырыбына арналған 1 минуттық вайн түсіріуі керек. Финал желтоқсан айына жоспарланған. Болашақ вайнерлер өз туындыларын кинотеатрдан үлкен экраннан тамашалайтын болады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу