Алматыда "Саялы" ауданының тұрғындары жылудың жоқтығына шағымдануда

Қытымыр қыста жылусыз отыр. Алматыда мансардтан үй сатып алған 7 отбасы салқын түскелі бері бүрсең қағуда. Биыл күзде ғана қолданысқа берілген Саялы-2 шағын ауданында шатырда тұрған пәтерлердің сапасы сын көтермейтін болып шықты. Мемлекеттік бағдарламаға салынған үйдің мәселесін мердігерлер мен коммуналды компания бір-біріне сілтейді. Қыс ортасына келгенде қайда барарын білмей дал болған тұрғындардың базынасын алматылық әріптестерім тыңдап қайтқан еді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу