Алматылықтар коммуналдық төлемге тағы бір пункттің қосылғанына қарсы

50 теңге 50 тиын. Коммуналдық қызмет төлемдеріндегі «күрделі жөндеу жұмыстарына» жиналатын ақша мөлшері дәл осынша. Нақтырақ айтқанда 1 шаршы метрге осындай көрсеткіш бекітілген. Тұрғын үй кооперативі қауымдастығының өкілдері аталған қызмет үшін ақша жинау 2011 жылдан бері түбіртекке енгізілді дегенімен, тұрғындар тарифтердің ешкімге айтылмастан бекітілуі дұрыс емес дейді. Сондықтан аяқ асты табан үсті пайда болған белгісіз қызметке бүгінде мегаполистің кей азаматтары ақша төлегіміз келмейді деп отыр. Толығырақ Ануар Карбозов айтсын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу