АЛТЫН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАП КЕЛЕДІ: УНЦИЯСЫ - $1554

Әлемдік нарықта алтын бағасы қайта қымбаттап келеді. Лондон биржасындағы банкаралық фиксингте оның унциясы 1554 долларға жетті. Өсім шамамен 0,52%. Ал Қазақстан нарығында бағалы металдың құны граммына 18 945 теңге 3 тиын деп тұр. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда – 102 теңгеге жоғары. Ұлттық банк 2017 жылдың 1-ші маусымынан бері тазартылған алтын құймаларын да халық үшін жалпы сатылымға шағарған. 2019 жылы 15 мың 732 данасы сатылыпты. Бұл – 460 келі, 302 граммға тең. Құймалардың номиналдары - 5, 10, 20, 50 және 100 грамм.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу