"ALTYN OIMAQ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Елімізде отандық дизайнерлерге арналған "Алтын оймақ" байқауы басталды. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы хабарлады. Ләззат Рамазанованың айтуынша, жобаның басты міндеті Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіпті дамыту. Сонымен қатар жаңа отандық брендтерді қалыптастырып, импортты алмастыру саясатын жүзеге асыру көзделген. Айта кетейік, "Алтын оймақ" бағдарламасы алғаш рет былтыр өткізілген болатын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу