«Altyn oimaq» байқауының алты жеңімпазы анықталды

«Алтын Оймақ» байқауының жеңімпаздары да бүгін белгілі болды. 300-ден астам үміткердін арасынан спорттық, іскерлік, балалар киімі мен аксессуарлар, үйге арналған мата бұйымдары мен ұлттық нақыштағы киім аталымдары бойынша сала үздіктері анықталды. Әр лауреат 1 млн теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды. Қаперде болса, аталмыш байқау осы жылдың наурыз айында басталған болатын. Шеберлердің сайысына еліміздің 14 аймағынан дизайнерлер қатысты. Салтанатты марапаттау рәсімі хартияға қол қоюмен аяқталды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі Қазақстанның әр аймағынан жеңіл өнеркәсіп саласындағы 5 ассоциациямен ынтымақтастық жөнінде келісімге келді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу