А.МАМИН: ЕАЭО - ЕУРОПА МЕН АЗИЯ АРАСЫНДАҒЫ "САУДА ХАБЫНА" АЙНАЛУЫ МҮМКІН

Еуразиялық экономикалық одақ - Еуропа мен Азия арасындағы "сауда хабына" айналуы мүмкін. Бұл туралы Ереванда өткен үкіметаралық комиссияның отырысында Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді. Оның айтуынша, сауда хабын құру үшін одақ шеңберінде өзара сенімді кеңістік құру керек. Ол үшін серіктестер салық және кеден саласындағы цифрлы платформаларды дамыту қажет. Сондай-ақ, Мамин стратегиялық өткізу пунктерінде зертханалар ашуды ұсынды. Бұл  тауарды өткізу шығындарын азайтады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу