AMANAT САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ ҰШАҚ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕЙДІ

Amanat сақтандыру компаниясы «Бек Эйр» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендерге өтемақы төленетінін хабарлады. Атап айтқанда, жарымжан болған, жарақат алған немесе денсаулығына басқа да зиян келген жолаушылар емделуге кеткен шығындарына сәйкес 530 мың теңгеге дейін алады. Ұшақ апаты салдарынан мүгедектігі расталған жолаушыларға мүгедектік тобына байланысты компания 6 млн-нан 13 млн теңге аралығында өтемақы береді. Ал қаза тапқан жолаушы үшін де 13 млн теңгеден астам қаржы төлеу қарастырылған. Мұнан бөлек, жерлеу рәсімдері үшін 265 мың теңге өтеледі. Сондай-ақ, әрбір зардап шегушінің зақымданған мүлкіне 662 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Сақтандыру өтемақысы «Бек Эйр» мен зардап шегушіден заң талап ететін құжаттар сақтандыру компаниясына түскен күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде өтелуі тиіс.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу