АМЕРИКАЛЫҚ БАЙЛАР ЖАППАЙ ЖЕРАСТЫ БУНКЕРІН САТЫП АЛЫП ЖАТЫР

Ал АҚШ-та жерастында салынған баспаналарға деген сұраныс күрт атты. CGTN America агенттігінің хабарлауынша, әсіресе пандемиядан қашқандар жаппай бункерлерді сатып алуда. Әрине, ақшасы барлары ғана, себебі бағасы қымбат. Жұрт бас сауғалап, баруды қалайтын сондай жердің бірі – Канзас штатындағы Survival Condo бункері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери қоймаға болыпты. Ал қазір база адам тұрмысы үшін өте қолайлы тұрғын үй кешеніне айналған. Жерден 3 метр тереңдікте орналасқан. Онда жатын бөлмеден бастап, бау-бақшаға дейін бар. Коронавирус дендеген тұста, оның бағасы да 2 есеге артқан. Мәселен, бункердегі 170 шаршы метрді құрайтын мына пәтердің бағасы былтыр 1,5 млн доллар тұрса, енді 3 млн долларға сатылып жатыр. Үйге 70 адамға дейін еркін сыйып кетеді дейді құрастырушы, әрі букер иесі Ларр Холл. Әрине, уақытша жалға да беріледі. Ақысы айына бір адам үшін 60 доллар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу